Танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында әнші бесінші қызын дүниеге әкелген еді. 

“Құрмадан артық тамақ пен дәрумен жоқ-ау. Әмина омырауды да емеді. Қосымша сүтті де ішеді. Әкесі сияқты сабырлы. Көнбіс бөпе”, – дейді әнші. 

Сондай-ақ отандық эстрада жұлдызын түрлі концерт пен мерекелік кештерге шақыру басталған. Алайда әнші олардың бәрінен бас тартыпты. 

“Мені радио мен телеарналарға шақырып жатыр. Қазір тым болмаса, 40 күн күтінейін. Әлі талай эфир мен шығармашылық концерттер болады. Бәрінің өз орнымен болғаны дұрыс”, – деп түсіндірді өнер иесі. 

"Әкесі сияқты сабырлы": Алтынай Жорабаева қызының кімге ұқсайтынын айтты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!