4-5 жыл күйзелісте болдым.
Жас әнші «1001 түн» бағдарламасында ерекше бала тәрбиелеп отырғанын баяндап, қиын сәтте күйзелістен қалай шыққанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мұны тағдыр деп қабылдағаныма 4-5 жыл болды. Мен психологтармен де жұмыс істедім. Отбасым да жанымда болды. Бірақ, меніңше, уақыт бәрін реттейді. Оның өскені, күлгені мен үшін – бақыт. Сондықтан мен өзімді жаман сезінбеймін, бақыттымын. Оны қабылдау мәселесі маған да қиын болды. 4-5 жыл күйзелісте болдым. Ата-анамның көмегі мені күйзелістен алып шықты. «Бәрі жақсы болады. Түк қорықпа. Одан да өтеміз. Тік жүріп, еңбектен. Биіктен көрінесің. Біз жаныңдамыз. Сен сынба» деп, махаббатына бөледі. Ата-анамның тәрбиесі бөлек. Әрдайым қолдады, – деді әнші.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!