Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан Raim-мен кездесіп жүрген кезде оған ән арнағанын айтты. Өнер иесі қазіргі күйеуіне арнап, шырқалған әндері туралы оқырман сұрағына Instagram-дағы парақшасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмаханның оқырманы әншіден «Raim-ға арнаған әніңіз бар ма?» деп сұраған. Ол кездесіп жүрген кездегі әндері туралы айтып берді.

«Бұрында бір жүріп, бір жүрмей, бір мезгілде тубегейлі коштасып, одан қайтып кездесіп калып сезім қайтадан лаулады. Не боларымызды білмей жургенде 2019-жылы «1001 күн» деген әнімді арнаған едім.

Одан соң 1 жылдай мүлдем кездеспей, жүздеспей нүкте койылды. Әркім өз өмірін сүріп кеткен кезде «Аққу» деген әнімді арнадым.

Содан 2023-жылы Раймга күйеуге шығып өмірімді арнап, бала туып отырмын сол үйде деп ашуланып кетсем соңында», – деп жауап берді әнші оқырман сұрағына.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!