Tik Tok желісінде танымал болған «Istədim» әнінің орындаушысы Роза Зергерлі атының тарихына тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әзірбайжанның танымал әншісі, актриса Роза Зергерлі өз есімінің қазақ әншісі Роза Рымбаеваның құрметіне қойылғанын жасырмады.
Роза Зергерлі 1979 жылы дүниеге келген кезде Роза Рымбаеваның орындауындағы «Любовь настала» әні – жыл әні атанып жатқан. Роза Зергерлінің әкесі отставкадағы генерал-майор болған көрінеді. Сол жылы 21 жастағы қазақ әншісінің өнеріне ғашық болып, атын Роза деп қойғанын айтады.
Мен Роза ханыммен кездесуді ұзақ күттім. Адамның есімі оның өміріне үлкен әсер етеді. Осы әйелді жақсы көріп, маған Роза деп ат қойғаныңа рақмет, әке», –дейді әзірбайжан қызы.
Желі қолданушылар өнер иелеріне сүйсініп, қос өнерпазға сәттілік тілеп жатыр.
“Қандай керемет көрініс?!”, “Қос Роза әндерімен қуанта берсін!”, “Екі елдің мақтаныштары”, “Әзірбайжан қызы өз тілінде сөйлеп отыр”, – деп жазды көпшілік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!