Фото: Aikyn.kz.
Қазақ қоғамына кең тараған сериалда Айсара келіннің рөлін сомдаған Дариға Бадықова бұл туралы журналист Асхат Садырбайдың жобасына берген сұхбатында әңгімелеп берді.
Танымал актриса, кейінгі кездері продюсер ретінде де өзін сынап көрген өнер иесі Дариға Бадықова «Келінжан» сериалына түскені үшін қанша қаржы алғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Жалпы, жақсы табамын. Мен осы жерде айтайын, продюсерлердің ішінде Гүлнұр Мамасарипова жақсы төлейді. Еңбегіңді жемейді. Келіскен бағаңды береді. Екі ортада мәміле болады ғой», – дейді актриса.
Сондай-ақ ол «Келінжан» жобасынан түскен табысы туралы да жайып салды.
«Аккордно деген бар. 7 күнге осындай, 9 күнге осындай сома деген. Осы жолы 9 күнге 6 миллион алдым», – дейді актриса.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!