Қайрат Әділгерей биыл сәуір айында төрт бөлмелі пәтер алған.

Әзілкеш Қайрат Әділгерей биыл сәуір айында төрт бөлмелі пәтер алғанын айтқан еді. Тіпті, үйдің құрылысы аяқталған соң көпшілікке көрсететінін де сөз еткен. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі жариялады.

– Біздің жаңа қонысымыз. Бұл үйімізде ойымыздағы көп идеяны жүзеге асырдық. Жылы, атмосферасы жайлы, сапасы мен көркемділігі үйлескен жоба боп шықты. Баршаңызға жұғысты болсын, – деп жазды Қайрат Әділгерей Instagram парақшасында.

Ал тележүргізуші Анна Данченконың TikTok желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, әзілкеш үйін 150 млн теңгеге салған екен.

Фото: nur.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!