Фото: коллаж/Әбілқасым Есентаев

Ресейдегі белгілі әнші Алсу бес жылдан кейін 2019 жылы өткен «Бала дауысы» шоуында қызы Микелланың жеңісі жалған болғанын мойындады. Ол бұл туралы Наталья Подольскаяның подкастында айтып, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алсудың ойынша, ата-ана бәрі балаларын жақсы көреді және оларға мүмкіндігінше көмектескісі келеді. Алайда кейде оның салдарын ұмытамыз дейді Алсу.

«Мен көпшілік алдында кешірім сұрағым келеді. Бұл менің тарапымнан кеткен қателік. Сондықтан мен қызым Микелладан да кешірім сұраймын»,- деді әнші.

Осы ретте, Azattyq Ruhy тілшісі Ержан Максимге хабарласып, Алсудың бұл мәлімдемесіне қатысты ойын білгісі келді. Бізге жас таланттың продюсері жауап берді. 

«Бұл мәлімдемеге қатысты пікірін әнші жақын арада өз парақшасында  жариялайды»,- деді Гүлмира Әлібек. 

Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың сәуір айында «Бала дауысы” бағдарламасында дауыс беру нәтижелері бойынша Алсудың қызы — Микелла Абрамова күтпеген жерден жеңіске жетті. Халық бұның әділетсіз шоу болғанын, шын мәнінде Қазақстаннан қатысқан Ержан Максим жеңіске лайықты екені айдан анық көрініп тұрғанын айтқан болатын. Алсу мен қызының жеңісі сол жылы ТМД елдерінде резонанс тудырған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!