Белгілі әнші, KeшYou тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шығайын деп жүргенін айтты. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

Қазір шетелде жүрген әнші Instagram желісінде «адамның ең шынайы сезімі – сөз айтпай-ақ, жаныңды жылытып жіберетін сәтте байқалады», – деп жаңа фотосын жариялаған.

Кейін ол дәл осы жазбасын Stories-те бөлісіп, «Алла жазса, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі», – деп жазып қойған.

Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып, бірі әншіге бақыт тілесе, кейбірі жазбаның астарын түсінбей оған сұрақ қоюда. 

Өнер иесі осыдан бір жыл бұрын аты-жөнін өзгертіп, құжатын да ауыстырып алған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!