Танымал әнші Серік Ибрагимов әкесіне су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі отбасымен бірге көлік салонына барып, видео жариялады. 

“Достар, бүгін әкемізді қуантамыз. Арманым орындалады. Отбасымыздың атынан Айнамкөз екеуміз ақылдасып, әкемізге көлік сыйлаймыз. Баланың міндеті – ата-ананы қуанту емес пе?! Бәріңізге жұғысты болсын!”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ақжарма тілектерін жаударып жатыр. 

“Құтты болсын!”, “Әкемізге көлік сыйлайтын күн бізге де тусын”, “Досым, көп адамға үлгісің”, “Баршамызға ата-аналарымызға көп жақсылық жасап, разылығына бөленуді нәсіп етсін”, – деп жазды көпшілік. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!