Танымал әнші Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейін қандай күйде жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мен негізі сіздерге бір нәрсе айту керек сияқтымын. Ішіме сыймай бара жатыр. Соңғы оқиғалардан кейін сіздер көріп жүрген Балжанның ішінде қандай өзгерістер болып жатқанын айтқым келеді. Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы, уайымдамаңыздар. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Барлық стресс, күйзелісті тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өз-өзімді қолға алдым, жиналдым”, – дейді Балжан Бидаш.
Әнші ажырасқаннан кейін өзін мазалап жүрген дүниенің барын да жасырып қалмады.
“Ендігі менің алдағы өмірімде әзірге бір ғана ой мазалайды. Ол менің күйімде кешіп жүрген әйелдер қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайда жүрген жандар түсініп отырған болар. Айырылысқан жандарды көбіне “әрі қарай қалай өмір сүремін, қалай күн көремін” деген ой қатты мазалайды екен. Бұл өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі ғажап емес нәрсе. “Ажырасу – кіші өлім” деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Қатты әңгіме болып жатқанын білемін. “Ары қарай қалай өмір сүресің?” деп сұрап жатқандар көп. Бірақ мен өз ақылыма, сіздердің қолдауларыңызға сенемін”, – деп жазды өнер иесі.
Балжан Бидаш алға мақсат қойып, өмірін жақсы жақсы өзгертуге барын салып жатқан көрінеді.
“Қазір өзіме-өзім қорғанышпын. Шүкір, ата-анам, бауырларым аман. Бірақ мен өзім үшін жауап бергім келеді. Қандай жағдай болмасын, тек алға қарай жылжу керек. Алдында Қытайға қосымша табыс көзін іздеп, барып, қайттым. Бірақ тапқан жоқпын. Сонда да тоқтамай әрі қарай іздеп жатырмын. Мен қазір бір ғана мақсат тұр. Ол жарқын болашақ. Еркін, тарықпай өмір сүру үшін, өз өмірімді жасау үшін жаңа істерді жасап көруге, ізденуге де дайынмын. Сіздерге де осылай ойлауға кеңес беремін”, – дейді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Балжан Бидаш актер, кинопродюсер Жахан Отарғалиевпен ажырасып кеткенін айтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!