Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың бірге түскен видеосы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Танымал жұлдыздардың бірге тұрмайтыны көпшілікті алаңдатқаны белгілі. Бұған дейін көпшілік Қайрат Нұртастың отбасынан бөлек жүргенін сынап, пікір білдірген еді. Әлеуметтік желіде жұлдызды жұптың бірге түскен видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.
Бәрінің іші күйіп өлетін болды ғой. Әсіресе, қыздардың, – дейді әйелін құшақтап тұрған Қайрат Нұртас.
Ал желі қолданушылары өнер иелеріне бақыт тілеп, жылы лебізін білдірді.
«Бақытты болыңдар», «Енді ажыраспаңдар», «Бақытты екендеріңді көрсете бермеңдер», «Көз тимесін», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас Катарда демалып жатқан келіншегі Жұлдыз Әбдукәрімова мен балаларының жанына барып, отбасымен қауышқаны туралы жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!