Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында мектепте хиджаб кию мәселесін көтеріп, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер өзекті тақырыпқа қатысты жауап берген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қос қолдап қолдайтынын жеткізді.

“Соңғы кездері мектепте хиджаб кию мәселесі қоғамда жиі талқыланып жүр. Бұл әрбір ересек және кәмелет жасқа толған адамның өз таңдауы. Бірақ бала отбасындағы діни қағидаларды аңдаусыз бойына сіңіреді. Қазір Иранда әйелдер өз құқықтарын қорғам, еркіндік үшін күресіп жатыр. Біз – зайырлы мемлекетпіз. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызының сөзімен келісемін. Бұл – толық жауап”, – деп жазды Баян Алагөзова.

Жазба астындаға пікірлерге сүйенсек, көпшілік балалардың мектепте хиджаб киюіне қарсы.

“Балалар мектепте хиджаб киетін болса екінші Ауғанстан боламыз”, “Адамның дінге деген махаббаты жүрегінде. Орамал ештеңе шешпейді”, “Адам діни сенімге саналы түрде келу керек”, “Хиджаб кию немесе кимеу –  кәмелет жасқа толған Қазақстан азаматының өз таңдауы”, “Әр нәрсе өз уақытымен болғаны дұрыс”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!