Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында әлі күнге дейін неліктен бұл заңды қабылдай алмай отырмыз?
Фото: видеодағы кадрдан алынды
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне, тұрмыстағы әйелдердің күйеуінен таяқ жеуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Airan ютуб-каналына сұхбат бергенде айтты.
Әйелге жақындап, тіпті, шапалақпен тартып жіберген ер адамның өзі жауапкершілікке тартылуы керек. Қарапайым шапалақ үшін де жауап берсін. Бір рет шапалақпен тартып жіберсе, 1 жылға бас бостандығынан айыру керек. Болды. Бізде осы заңға енгізілсе, ер адам әйелін ұруды қояды. Мен «Әйелімді ұрғаным үшін маған не болады?» дейтін ер кісілерді білемін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 3-5 жыл… Оқып, жаза алатын ер адамдардың барлығы әйелді ұрғаны үшін өздеріне ештеңе болмайтынын біледі. Бұл қорқынышты. Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында әлі күнге дейін неліктен бұл заңды қабылдай алмай отырмыз? Осыны түсінбеймін, – деді продюсер.
Ол бұл ретте, заңның солқылдақ екенін алға тартты.
Неге бізде әйелдің мойнын осып, кесіп жіберсе де қатаң бақылауға алмайды? Себебі – заң жоқ. Біз қазір Парламент осы заңды қабылдауы үшін үнсіз отырмай, дабыл қағуымыз, талап етуіміз керек. Ал Парламентте отырғандардың 90 пайызы ер адам. Бізде толықтай патриархалды қоғам. Сосын біздің әйелдердің басы бірікпейді. Мен кеше жазбалардың астынан «Ол өзі кінәлі, көзіне шөп салды» деп жазып жатқан әйелдердің пікірін оқыдым. Ең қорқыныштысы осы, – деді Баян Мақсатқызы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!