Фото: https://www.instagram.com/nurillaakbergen/

Жеке өмірін айтып, желіні шулатқан “Меломен” тобындағы әнші Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі, блогер Нұрилла Ақберен қыз-келіншектерге ақыл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер оқырмандарымен сырласып, тағы да тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтып, бойдақ қыздарға кеңес берді. 

“Жүрек пен ми қалауын ажырата білсеңіз, қайбір істе, өмірлік маңызды шешімдерде, таңдауларда қателеспейтін боласыз. Байға тию – бақытты болу деген сөз емес. Тұрмысқа шығуға асықпаңыз дер едім. Қазір өзіңізбен өзіңіз бақытты бола алуды үйреніңіз. Ал өмірлік жарыңыз сізді бақыттырақ етеді. Өзіңізді сауатты тұрғыда жақсы көріңіз. Фокусты мақсатыңыз бен өзіңізге қоя біліңіз. Саяхаттаңыз. Айта берсем, кете береді”, – деп жазды блогер келіншек.

Айта кетейік, Нұрилла Ақберен жеке парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойған еді. Көпшілікке гүл шоғы мен неке жүзігін көрсетіп, “Иә” дедім” деп жазды. Алайда блогердің айтпағы мүлдем басқа дүние болып шықты. 

“Өзімнің кішкентай арманыма «иә» дедім. Жаңа көлік бәріңізге жұғысты болсын!», – деп хабарлады желі жұлдызы. Блогер автосалоннан Changan көлігін сатып алғанын да жасырмады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!