Фото: жеке парақшасынан
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы “Әсембике” бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірінен сыр шертті.
“Елдостың диагнозын екеуміз үйленбей тұрған кезде білдім. Ол кезде қатты мән бермедім. Қазір медицина дамыған заманда, ЭКО арқылы да көтеруге болады. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойладым. Сол ойыма сендім. Кішкентай күнінде отаны сәтсіз жасап, осындай диагнозы пайда болды. ”Үйленгеннен кейін түрлі дәрігерге қаралдық. Түркияға барып, емделіп келдік. Қайта-қайта ота жасады. Нәтижесіз аяқталғанда екеуміз де қатты қиналдық. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, келе жатырмыз. Ол жылағанда мен жұбатамын. Мен көңілсіз болғанда ол жанымнан табылады. Солай өміріміз өтіп жатыр”, – деп күрсінді желі жұлдызы.
Сонымен қатар блогер бала асырап алыңдар деп ақыл айтатындарға да үндеу жасады.
“Бала асырап алуға дайын емеспін. Менің қорқынышым бар. Біреудің баласын асырап алып, кейін оған ауыр сөз айтып қалсам, ұрып жіберсем ше деген ой болады. Қазақ тек әйелді ғана кінәлайды ғой. Бірақ біздегі жағдай мүлдем басқаша. Сен емделіп, тексеріл деп маған неше түрлі гинеколог пен емшілердің нөмерін жібереді. Бала болса да, болмаса да осы күніме шүкір деймін”, – деді блогер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!