Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне қымбат сыйлық дайындап жатқанын айтқан еді. Көп ұзамай жеке парақшасында пәтер алып бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің бірінші некесінен Салтай есімді ұлы, екінші некесінен Айару есімді қызы бар.
“Ұлыма құны 60 млн теңге тұратын сыйлығы осы. Баламның қалауы пәтер болды. Менің тағы бір үлкен жетістігім, қуаныштан бір жылап алдым. Қолдаушы ата-анама және алға жетелеуші ұл-қызыма рақмет. Тілекші халқыма алғыс айтамын. Жұғысты болсын», – деп жазды әнші.
Айтуынша, әнші мен ұлы пәтерді көргеннен кейін ұзақ жылаған көрінеді.
Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова ұлы Салтайдың 7 жасқа толған мерейтойына орай 40 адамға дастарқан жайып, шоу-бағдарлама ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар әнші тұңғышына құны 60 млн теңге болатын сыйлықты жасырған еді.
Желі қолданушылары кішкентай қожайынның шаңырағына құтты болсын айтты. Енді бірі үйдің бағасын көріп шошып жатыр. “Мұндай үй алу үшін ит болып жұмыс істеу керек шығар” десе, енді бірі әншінің жеке кәсібі мен бизнесі көп екенін алға тартады.
Фото: stan.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!