Әнші, сазгер Балжан Бидаш жеке өміріне алаңдап жатқан оқырмандарының пікірін назардан тыс қалдырмай, жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі шетелге көшуге дайындалып жүргенін айтқан болатын.
“Бәрі бітті ма? Болды ма, жаңа жылды қарсы алып алып, енді 2024-і неден бастап жатырмыз?”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары экс-жұбайы Жахан Отарғалиевпен қосылуды қалап сан алуан пікір жазып жатыр. “Ақылды қызсың ғой, тәрбиелі, саналы! Жаханға қайта қосыл, қызым! Бірінші бағың – бақ, екінші бағың – бибақ дейді қазақ! Ер адамнан кеткен қате жөнделер, бастысы, алқаш, наркаман емес қой, барлық нәрсе уақытымен болады! Апалық ақылым, әйел адам, барлығын сабырмен,ақылмен жеңген! Қосылса екен деп тілеймін”, “Қазақтың осындай алтын қыздары кейбір мемлекеттегі басқа жігіттерге қол жеткізбес арман болып жүр ғой, ал біздің қазақтың жігіттері колдағы алтынның қадірін білмейді”, “Өз ақылыңыз өзіңізге жетеді, ешкімді тыңдамаңыз, тек өзіңіз нені қалайсыз соны жасаңыз. Дер уақытында ажырастыңыздар, арада бала жоқ обал дейтін жап-жассыз, өз адамыңыз кездеседі Алла бұйырса. Жаханды жамандамаймын, бірақ өзіне өзін қадірлейтін, оны сыйлайтын жар кездесетінін айтып жүр, бірақ әуелі Жахан өзі әйел қылып алған жанды сыйлап, қадірлеп үйренуі керек” деп жазып жатыр тыңдармандары.
Ал Балжан Бидаш оқырманының өзі үшін алаңдағанына алғыс білдірді. «Біздің өмірді өзімізден артық ешкім білмейді. Уайымдағаныңыз үшін рахмет», – деп жауап берді.
Сонымен қатар әншінің тағы бір оқырманы «Жахан сізге арнап stories салып, қоштасыпты» деген сөзіне «Біздің қоштасқанымызға біраз болды», – деді.
Еске салайық, Жахан Отарғалиев экс-жұбайы Балжан Бидашпен алғаш танысқан жерге келіп, онымен қоштасқанын жазған болатынбыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!