Танымал әзілкеш, актер Нұрболхан Шарапов пен Жахан Отарғалиевтің әзілдескен видеосы желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нұрболхан әзіл әлеміндегі достарымен бірге Үндістанға демалуға кетті.

“Әлемнің 7 кереметінің бірі Тәж-Махалға келдік. Өте керемет жер. Кезінде Жахан Шах сүйіктісі Мумтазға арнап соққан екен. Біздің Жахан не істейді екен?!. Болмай кетті ғой сенікі. Мумтаз деген қыз іздейсің-ау”, – деп әзілдеді.

Досының видеосын көрген Жаханның көңіл-күйі түсіп кетті.

“Достар, Нұрболханның кезекті кемсіту видеосы шықты. Ешқандай күлкілі емес” , – деп жазды актер.

Желі қолданушылар екі достың сөзін әзілге балап жатса, енді бірі Нұрболханға ренжіп үлгерген. 

“Кімге үйленсең де бақытың баянды болсын! Анаңды қуантудан жалықпайтын жігітсің. Немере сүйгізуді жазсын!”, “Жақсы еркектен әйел кетпейді”, “Нұрболхан, әзілмен түсірсең де, бұл сөзің жөн емес. Балжанның қолынан талай шай ішіп едің”, “Достар болып, Жахан мен Балжанды қайта қоспайсыңдар ма?”, “Жахан екеуінің ажырасқаны дұрыс болды”, “Балжанның орны – сахна” деп жазып жатыр оқырман қауым.  

Еске салайық, Жахан отбасын сақтау үшін қолынан келгенін жасағанын жазған едік. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!