SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актер Әбунасыр Серіковтің ұлы, кино жұлдызы Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жары Фариза Ещанова көпшілікке сұхбат беріп, отбасылық өмірі мен ажырасуына себеп болған жайттарды ашық айтты.
Оның айтуынша, некенің бұзылуына үшінші адамның пайда болуы себеп болған.
«Қазір ажырасқанымызға жеті жыл болды. Оның себебі — басқа әйелді таңдағаны. Ол үшін еш ренішім жоқ. Әркімнің өз таңдауы бар, ол сол кісіні таңдады. Сол кезде маған “мені ме, әлде оны ма” деген таңдау қойылды. Ол әйелді таңдаған соң, мен оны өз еркіне жібердім. Армандарымның көбінен тұрмыс құрған кезде бас тартқан едім, соған ғана кейде өкінемін. Ал жалпы өкінішім жоқ», — деді актриса.
Фариза Ещанова бұрынғы күйеуіне реніш сақтамайтынын да атап өтті.
«Ажырасқан соң анамның ақылымен аяққа тұрдым. “Өзінің таңдауы, сөз етпе” деп үнемі айтып отырады. Енеммен де қарым-қатынасымыз жақсы, әлі күнге дейін сырласамыз. Кейде анамнан гөрі енеммен көбірек сөйлесемін. Психологпен жұмыс істедім, қазір кез келген тақырыпта еркін сөйлей аламын. Өмірімдегі ең ауыр сынақтың бірі — ажырасу болды. Екіншісі — баламның ерекше болып дүниеге келуі. Бірақ еңбектің арқасында қазір қатарға қосылып келеді. Екі сынақты да жеңе алдым деп ойлаймын», — деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!