Әнші Қайрат Нұртас бесінші рет әке атануы туралы пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Желіде тараған видеода әнші концерттірдің бірінде ата-анасының қадірін балалы болғалы ерекше түсініп жүргенін жасырмады. 

«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің дейді. Қазір балаларым бар, жақында бұйырса бесінші балам дүниеге келеді. Сондықтан кейінгі кездері ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін», – деді Қайрат Нұртас. 

Естеріңізге сала кетсек, Қайрат Нұртастың әйелі, акриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын босанған еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!