Фото: видеодан скриншот
Актриса Қарлығаш Тұрсынбекова көпшілікке «Күлпаш» рөлімен танылған күйеуі Берік Тұрсынбековтің мінезі жайлы айтты. Өнер иесі «Менің өмірім» бағдарламасында жолдасының қырсықса, айлап сөйлеспей қоятынын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Беталды қызғану деген жоқ. Ол менің телефонымды қарамайды. Мен оның телефонын ақтармаймын. Оны іздеп, «Кімге не жазыпты» деп тіміскілеу болған емес. Отасқанымызға 23 жыл болыпты. Біреуден қызғанып, оны отбасы арасында талқылап, үлкен мәселеге айналдырмаппын.
Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырлап қалады ғой. Бірақ біздің ыдыс-аяқ көбінесе біреулер үшін сылдырлайды екен. Ондайда Бекең қырсық мінезіне басып, бір айлап сөйлемей жүре береді. Мен де кейде «Сөйлемей көрейінші» деймін. Бірақ ары кетсе 5 күн жүрем, ақырында шыдай алмай өзім сөйлеп қоям», – деді Қарлығаш Тұрсынбекова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!