Жас актер, ақын Рамазан Амантай Динара Сәтжанға берген сұхбатында бір күндік түсірілімін қаншаға бағалайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
Алғашқыда қаламақысын айтудан бас тартқан Рамазан Амантайдың бір күнде қанша табатыны белгілі болды.
“Бір күнде бір жылқы. Бір фильмді 15-18 күн түсірсек, бір үйір жылқы болады. Мен отбасымды асырап отырғандықтан қалыпты нәрсе сияқты. Продюсерлерге қарағанда актерлердің табысы әлдеқайда аз. Менің ойымша, бір күнде бір жылқының өзі аз. Шетелдік актерлермен салыстырмай-ақ қояйын. Бірақ біздің актерлер одан көп алуға лайық. Кемінде 4 жылқы болу керек. Әр жерде баға әр түрлі. Дегенмен бізде өте аз табатын актерлер бар”, – дейді Рамазан Амантай әріптестеріне араша түсіп.
Рамазанның алғашқы продюсерлік жобасы көрерменге жол тартты. Ол фильм түсіруге қанша қаржы кеткенін жария етті.
“Жарнамасын, барлығын қосқанда 150 миллион кетті. Қазіргі түсіріліп жатқан кинолардың бюджетіне қарағанда әлдеқайда көп. Себебі, бұл сомадан екі есе аз, тіпті төрттен біріне түсіріліп жатқан кинолар бар. Бірақ ондай ақшаны мен өмірімде қолыма ұстап көрмегенмін. Ол қаражатты инвестор берді. Айтқым келсе де, есімін жария ете алмаймын. Мен ол кісіден қарызға алдым. Қалай болса да 150 миллионды қайтарып беруім керек. Дүниемді сатып деп фильм түсірейін десем ештеңем жоқ. Көлік анамның атында, әке-шешемнің үйінде тұрып жатырмын. Әрине, өзіңнің ақшаңа түсіргенге жетпейді. “Қайтарып беруім керек, қадалсам, өзім қадаламын” деп жүре бересің. Бұл нәрсенің уайымы көп екен. Бірақ тәуекел жасау керек”, – дейді актер.
Бұған дейін Рамазан Амантай артық салмақпен күресіп жүргенін айтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!