Фото: жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші ұшақтардың ұшу уақытынан кешігуі кейінгі кезде жиі қайталанып жүргеніне ашуланды.

“Scat әуе компаниясы, сендерге ренжідім. Не болды мына тірлік? Телефон тұтқасын көтермейсіздер! Жауапкершілік мүлдем жоқ. Ұшатын уақытқа 2-3 сағат қалған кезде ұшу уақыты ауысты дейтін не әңгіме енді?!  Scat-ты сотқа беретіндердің арасында енді мен де бармын. Бұл бірінші рет емес, бірнеше рет қайталанып отыр. Өте нашар әуе компания екенсіңдер”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Азаматтық авиация комитеті Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге байланысты Астана әуежайында ұшу-қону тоқтатылғанын хабарлап еді.

«Астана әуежайындағы рейстер 28 маусымнан бастап кешігеді. 3-4 шілдеге жоспарланған ШЫҰ саммитіне дайындық аясында қорғаныс министрлігі ұшақтарының оқу-жаттығуын өткізіп жатыр. Сол себепті елорда әуежайындағы әуе кеңістігі уақытша жабылады», – делінген хабарламада. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!