Блогер Фариза Төреәлі ағасы Төреғали Төреәлінің бала күнгі арманы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ағам, сіңлім үшеуміз армандауды, болашақ жайлы елестетуді жақсы көретін едік. Әсіресе ағам. Шамамен жеті жастағы кезім. Байқоңырда тұрамыз. Шай үстінде жақсы әңгімелер көп айтылатын. Сонда ағам бір сөзінде: Алла қаласа үлкен қалаға көшеміз, сондай күнге жетеміз, бәріміз таңертең тұрып «таңғы асты Парижде ішейік, кешкі асты тағы бір елде ішейік» деп кетіп қала салатын сәттер болады деді. Бірақ ол кезде оған мүмкіндік жоқ еді. Менің есімде қалып қойыпты, тіпті миыма сіңіріп алдым», – деп жазды Фариза Төреәлі желідегі парақшасында.

Ол ағасының бойында ешқандай «шектеу» болмағанын, өзі ғана армандап қоймай, қарындастарына да үйреткенін атап өтті.

«Мүмкін емес» дегенді ойламапты, ойына, армандарына, қиялына ерік беріпті. Сол кезде кішкентай Фариза әлгі өмірді елестетіп, миына жаңа нейрондарды енгізе бастаған екен. Мен дәл біз армандап отырған өмір мүмкін екендігіне сендім. Адамға сенім өте керек», – дейді ол.

 Блогердің айтуынша адам сөзін, ойын дұрыстамайынша ештеңе өзгермейді. Қарапайым болса да, заңдылық сол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!