фото: ашық дереккөзден алынды

Өнер иесінің екінші қызы жақында тұрмысқа шығады. Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесінің екінші қызы жақында тұрмысқа шығады. Әнші болашақ құда-құдағиымен танысқанын айтып, видео жариялады.

«Балапандарымызға тағдырдың тартуы тек тәтті болсын. Көп нәрсе айтқым-ақ, жазғым да келіп тұр. Балаңның әрбір қуанышы, ата-ана үшін мың есе қуаныш қой. Тәтті шәй тәттілермен басталды. Ақ көңіл, адал ниетпен ақ дастархан басында бас қосып, болашақ құдаларымызбен танысып, көңілімізді бірлеп алдық, шүкір. Өміріміздің “Құда-Құдағи“ деген асуы басталғалы жатыр, бұйырса», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, ақ тілегін арнады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!