Фото: видеодан скриншот
Әнші Айгүл Иманбаева «Төрлетіңіз» бағдарламасында анасын Стамбұлға апарғаны жайлы айтып, жылап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Анамның анализдерінен ақаулар шығып, Стамбұлға тексертуге апардым. Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты. Мәңгілік жүретін сияқты, адамның рухы өлмейді ғой, сол себепті де сондай сезім болатын шығар. Осы тексеруге апарғанда көп дүниені бастан өткеріп, сабақ алдым. Осы сапар 10 күннің ішінде көп жасқа есейтіп жіберді», – дейді Айгүл Иманбаева.
Иманбаева атағандай, 40 жыл араға салып әкесімен табысқанын айтты.
«Қалай әкемнің батасын алдым, солай тұрмысқа шықтым. Әлемге көп жол ашылды. Лондонға кетер алдында әкем концертке келді. Сонда айтылған барлық сөз алғашқы және соңғысы болыпты. Сол концерттен кейін 3 айдан соң әкем қайтыс болды. Әкемнен кешірім сұрап үлгердім. Ол кісінің батасын алдым», – дейді әнші.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!