Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген жеке өміріне қатысты жаңалықты жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі дін жолына түскен, орамал таққан бойжеткеннің фотосын көрсетті.
“Ғашық болудан адам шаршамайды. Ләззат алады. Салауатын үзбейді, ең бастысы”, – деп жазды актер.
Одан кейін “Бұрынғы әйелін тез ұмытты” деген оқырман пікіріне де жауап жазды.
“Қараңғыда жарық шам жағып келген жанды бағала. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақыты бітті. Пойыздан түсіп қалды”, – деді киножұлдыз.
Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актердің жазған хатын жариялаған еді.
“Өзіңнің үйің жоқ, күйің жоқ, жүрсің. Әке-шешеңмен біргесің. Мені өзіңмен салыстырма. 100 миллион теңгелік үйім бар”, – деп жазған актер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!