Танымал әнші Дана Кентай Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында сырын бөлісіп, үлкейген сайын ғашық болу қиындап кеткенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші бұрындары ер адамның сыртқы келбетіне көңіл бөлсе, қазір ісіне көбірек мән береді екен.

«Ғашық болу, үлкейген сайын өте қиын. Баяғыда түрі әдемі болса, қарап қалатынмын. Одан кейін түрі өтпейтін болды. Одан соң көлігі әдемі болса дейтін едік, қазір көлігі де өтпейді. Сондықтан сол сатының бәрінен өту керек екен.

Ал қазір сөзі мен ісі сай келетін адам болса. Сөзі мен ісі сай келетін адамдар кемде-кем екен. Ондай өте сирек кездеседі. Жақында сондай бір адам кездескен сияқты. Сөзі мен ісі сай болып жатыр, бір ай болып қалды», – дейді Дана Кентай.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!