SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Дариға Бадыкова мен оның бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев арасындағы дауға қатысты үн қатты. Ол көпшілікті олардың жеке өмірін талқылауды доғаруға шақырды.

Instagram желісіндегі сторисінде продюсер ел арасында қызу талқыланып жатқан «Күйеу бала» сериалының актерлері — Дариға Бадыкова мен Дархан Мұсаевтың арасындағы жанжалға қатысты өз пікірін жазды.

Алагүзова желі қолданушыларын да, бұл оқиғаның кейіпкерлерін де сабыр сақтауға шақырды. Әсіресе, ол Дархан Мұсаевқа үн қатып, бұрынғы жарын тікелей эфирге шақырып, дауды халық алдында талқыламауға кеңес берді.

«Адамдар, тоқтаңыздаршы! Бұл не болып жатыр өзі? Дархан, ер азамат болыңызшы… Халықтың, туыстардың, сыныптастардың бұл іске не қатысы бар? Бүкіл ел біреудің отбасылық мәселесін талқылап отыр. Ешкімнің де өзге адамның жеке өміріне араласуға хақысы жоқ», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Дариға Бадыкова бұрынғы күйеуінің сұхбатынан кейін өз пікірін білдіріп, олардың ажырасу себебін алғаш рет ашық айтқан еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!