Фото: Іnstagram.com/kudaibergenov.dimash

Алматыда «New Vision: Бизнес күші» ауқымды бизнес-форумы өтті. Биыл форумға әнші Димаш Құдайберген қатысты. Ол форумда адамзатты тілге, ұлтқа бөлмейтінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ағылшын-америкалық жазушы Томас Пейн былай деген екен: «Жер – менің Отаным, барлық адамдар – менің бауырым» деген.  Мен өзімнің ұлтымды сүйе тұра  халқымды сүйе тұра, отанымды сүйе тұра адамзатты ұлтқа, дінге, тілге, нәсілге бөлмейтіндігімді атап айтқым келеді. Біз қазақ халқы данышпан халықпыз. Дана халықпыз. Әрбір адам өзі үшін жауап беріп қасындағы достарына жылы шыраймен қарым-қатынас құра білсе ол адамның өзінің өне бойына ғана тән үлкен алып даналығы деп білемін. Сол секілді біздің ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша өскелең ұрпаққа мұра қылып қалдырған. Сол мұраны кірлетпей өресі биік халықтың ұрпағы екенімізді дәлелдеуіміз керек»,- деді әнші.

Сондай-ақ ол Отанға деген сүйіспеншілік ұлтжандылық, ұлтшылдыққа айналамауы керек екенін айтады. 

«Ата-бабаларымыз осы Жер үшін күресіп, оны ұрпақтарына аманат етіп қалдырды. Ал біз оны кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Біз ұлы болашаққа дайын екенімізді, ұлы бабалардың ұрпағы екенімізді көрсетуіміз керек. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын. Отанға деген сүйіспеншілік ұлтжандылық, ұлтшылдыққа айналамауы керек. Ұлтшылдық, менің ойымша, өресі төмен адамдардың ісі. Менің концерттеріме келетін халық аса қатты саясатқа жақын жүрмейтін. Сол себептен өзінің ізгі ниетін арқалап келгенде ең бастысы адамммен адам арасындағы дұрыс информация алмасу бар. Оған біздің санамыз әрқашан дайын болуы керек», – деді Димаш Құдайберген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!