Фото: afisha.uz

Молдова астанасы Кишиневте қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің өнер көрсетуі зорлық-зомбылық құрбандары туралы айтқан сөздеріне байланысты өтпейтін болды. Бұл туралы Summer Fest ұйымдастырушылары 27 сәуірде мәлімдеді. Осыған дейін белсенділер осындай үндеу жасаған болатын. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі newsmaker.md сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Соңғы оқиғалар мен жаңалықтарға байланысты Jah Khalib-тің Summer Fest-те өнер көрсетуі тоқтатылды. Күрделі логистикалық және құпия факторларға байланысты шешімді бұрын ресми түрде жариялай алмадық. Мұндай шараны ұйымдастыру үлкен күш пен ұзақ дайындықты қажет етеді және бұл кез келген шешімді импульсивті түрде өзгертуге мүмкіндік бермейді», – делінген ұйымдастырушылар хабарламасында.

Бұған дейін «Зорлық-зомбылықсыз өмір» ұлттық коалициясы мен актер Кэтэлин Лунгу Jah Khalib-тің Кишиневтегі қойылымын тоқтатуға шақырған. Рэперге зорлық-зомбылықты ақтады деп айып тағылды. Екі жыл бұрын RUH FOOD YouTube арнасында жарияланған ORTA подкастында рэпер зорлықтың негізгі себептерінің бірі «дұрыс емес киім кию» деген пікірмен келіскен.

Айта кетейік, Jah Khalib концерттерін тоқтату туралы үндеулер әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы іс аясында айтылып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!