Еске салсақ, Құралай ханымның үлкен қызы 17 жасында Еуропаға кетсе, екінші қызы Оңтүстік Кореяға жол жүруді жоспарлап отырған көрінеді.

Психолог, коуч Құралай Ошақбаева балаларына жағдай жасамайтынын, өз бетінше өмір сүргендерін қалайтынын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мен дым ойланбайтын, ақымақ немесе жайлы анамын. Балаларым етегіме жабыспай, есейіп, өз жолдарын тауып, сепарация жасап, бақытты болып кетсе екен деп, дым жағдай жасамай, «кет, оқы, ұш, қозғал, бірдеңе істе» деп мазалап жіберемін. «Мынау жараса ма? Мынау бола ма?» деп алыстан мазалағандары ұнайды. Негізі мен жанында жармасып, терлеп, тықылдап, миымдағы 5 теңгемді қанша қыстырсам да, тыңдағалы тұрған қыз жоқ. 45 жасқа келіп түсінгенім, баламен де, басқамен де алыстан сыйласқан жөн. Жабысып, мыжып, мылып жүргенше, «жаным-күнім» деп сағынып, жете алмай, махаббатқа толып жүргенде, идея, жаңалық, бауырмал, туысқандық сезімдер толады, – дейді ол.

Еске салсақ, Құралай ханымның үлкен қызы 17 жасында Еуропаға кетсе, екінші қызы Оңтүстік Кореяға жол жүруді жоспарлап отырған көрінеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!