KAZINFORM — «Джимми Фэллон шоуы» бағдарламасында Дженнифер Лопес Алматыда өткен концертін есіне алды.

Ол концерт кезінде мойнына қонған шегіртке туралы пікір білдірді. Айтуынша, әнші денесінде бір нәрсенің қозғалысын сезген, бірақ қайтсе де әнін аяқтауға тырысқан.

Джей Ло Алматыдағы концерт пен шегірткені есіне алды
Фото: Видеодан скрин

— Мен бір нәрсе болып жатқанын сездім. Басында жәндік ұшып-қонып жүр екен деп ойладым. Өйткені жарықтан оларды бұрын байқаған едім. Алайда ол денемде жоғары өрмелеп келе жатыр екен. Бір кезде мойныма келді, кішкентай аяқтары сезілді. Мен не болса да әнді аяқтайын деп ойладым. Кейін оны денемен сырғытып түсіргенде тікұшақтай үлкен екенін көрдім, — деді поп-жұлдыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!