Sputnik. Джей Ло мен Backstreet Boys концерттері бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаражат әкеледі. Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Ол Дженнифер Лопестің концертіне билеттердің небәрі 40 минутта сатылып кеткенін айтты. Сатып алушылардың үштен бірі – шетелдіктер.

Сондай-ақ Хасенов алдағы уақытта болатын Backstreet Boys тобының концерті туралы айтты. Билеттер құны 40 мың теңгеден басталады. «Астана концерт» компаниясының продюсері алыпсатарларға қарсы шаралар қабылданады деді.

«Бүгін тек шілде, жылдың ортасы. Алда болатын іс-шаралар туралы қосымша айтатын боламыз. Ал қазір осы концерттерді ұйымдастырумен айналысатын компаниялар тобы 1 млрд теңгеден астам салық төлейді», – деді Мәлік Хасенов.

«Kazakh Tourism ҰК» АҚ жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры Әлішер Тұрсын мұндай ірі концерттер жергілікті шағын және орта бизнестің кірісін миллиондаған долларға арттыруға ықпал ететінін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!