Фото: AP Photo / Invision / Evan Agostini

Өнер иесінің концертіне билетті арнайы платформадан онлайн сатып алуға болады. 

«Астана концерт» компаниясының мәліметіне жүгінсек, мегажұлдыздың ән кешіне арналған билеттер 11 сәуір күні сағат 11:00-де ресми түрде сатылымға шығады.

Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттерін www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Сондай-ақ концерт ұйымдастырушысы Мәлік Хасеновтің сөзінше, америкалық жұлдызбен келісімсөз алты айға созылған көрінеді. 

“Біз алты ай бойы келіссөз жүргіздік. Лопестің Instagram желісінде 258 миллион жазылушысы бар. Біздің елдегі халықтан 20 есе көп. Әртіс үшін Қазақстанға келу өте керемет. Мен осы жұлдыздың әндерін тыңдап өстім. Бүкіл стадион би билейді. Біз оның Абу-Дабидегі концертіне бардық және бұл ұмытылмас кештей өтті. Көрермендер риза,  атмосфера керемет болды”, – деді Хасенов.

Еске салайық, америкалық әншінің концертіне билет бағасы 40-150 мың теңге аралығында болады. Ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұратынын жазған едік. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!