Фото: Желіден

Актер Аян Өтепберген жақында отау құрады. Қуанышты жаңалығын актердің өзі айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын «Музыкалық жас көрермендер» театрындағы «Қоштасқым келмейді» қойылымының премьерасынан соң халыққа өзі айтқан. Режиссер Асхат Маемиров те актердің бұл жаңалығын растады.

«Аянымыз екі күннен кейін 14-і күні Ақтөбенің үлкен әулетіне барып, ару қызымызды алақанына қондырады», – деді ол.

Қуанышты жаңалыққа желі оқырмандары тілек жазып, лебіздерін білдірді.

«-1 краш», «отписка жасаңдар», «бақытты болсын», «шансы бар адам құсап, ішім ашып жатыр», «жүрегім ауырып кетті ғой», «бұйырмаған махаббатым», «сенсіз қалай жүреміз» деп жазды олар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!