Жұлдызды жұп Райым Бақтыгереев пен Ерке Есмахан болашақта қай елде тұратындарын шешкенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/erke_esmahan

Ерлі-зайыпты алдағы жоспарларымен бөлісті.

“Күйеуім жазда Алматыдан жер үй аламын деп, ол ойдан қайттық. Ақылдаса келе Қазақстанда бір үй бар, екінші үйді шетелден алайық деп шештік. Елді таңдап қойдық. Түбегейлі көшпесек  те, айлап тұратын боламыз. Алла бұйыртса, ол күн де алыс емес. Әзірге бар ойымыз кішкентайдың қамы. Аман-есен босанып алайын”, – деп жазды Ерке Есмахан. 

"Елді таңдап қойдық": Ерке Есмахан шетелге көшпек ойы барын айтты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!