SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, денсаулығы сыр беріп, ем алып жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары жылы лебізін жаудырды. Әншінің әкесі Төреәлі Төлепов желіде жазба қалдырған.

Әншінің әкесі баласы үшін дұға жасап, көңілін сұрап жатқандарға арнап желідегі парақшасында жазба арнады.

«Ассалаумағалейкум! Жақсыларым. Ниеттес, тілектес болып, «дұғадамыз» деп жатқан барша жандарға Алла разы болсын. Жақсы жаңалықпен жолыққанша», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары болса, тілктерін жазып, әншіге саулық тіледі.

«Алла амандығын берсін, қуаныштымыз, уайымдап жүр едім «қазақтың тума талант жігітіне көз тиді ме?» деп, аман болшы Ақтөреш», «Төреғали сауығып кет, айналайын, біз сені жақсы көреміз», «Алла отбасымен аман-есен қауышуды жазсын, келген дерттің шипасы тезірек табылсын, аман болсын мықты әнші», «Төреғалиді сағындық. Аллам шипасын берсін. Концерттерін күтіп жүрміз», – деп жазды олар.

Еске салсақ, белгілі әнші Төреғали Төреәлінің наурыз айында бірнеше қалада жоспарланған концерті өтпейтін болғанын, әнші сырқаттанып қалған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!