Интернетте буллингке ұшырап, түрлі сынға ұшырайтын Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртасты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова өз қорғауына алмақ. Бұл туралы ол «Qogam news» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Журналист Динара Сәтжан Насымжан Оспановаға әйгілі әншінің қызы әлеуметтік желіде көп сынға, буллинге ұшырайтынын айтты. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Алау Нұртасты өз қорғауына алатынын айтты.

«Мен бұл іспен айналысамын. Біз құқықтықта мемлекеттеміз, әлеуметтік желіде жағымсыз пікір білдіретіндерге жаза бар. Мен дәл қазір мұнымен айналысамын, ал өзі 111 номеріне хабарласса болады. Әркім өз ісімен айналысу үшін 111 номеріне хабарласу жеткілікті. Біз цифрлық мемлекетте жұмыс жасаймыз, сондықтан кез келген адамды табу қиын емес. Алғашқы ескерту 10 000 АЕК. Ал егерде «өзіне қол салуға» жеткізсе онда бұл қылмыстық іске айналады. Бұл жайлы сіздерден естіп отырғаным өкінішті, оның қайда оқитынын білу керек. Бізде демалыс деген жоқ. 111 номері де, QR арқылы да кез келген уақытта байланысуға болады. Осы жылдың ішінде 100 мыңға қоңырау келіп жетті. Осы қоңыраудан 35 мың адамның өмірін құтқарып қалдық», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!