Қазақстандық танымал әншілер Ерке Есмахан мен Raim отбасылық суреттерде ортаншы ұлы Исламның жүзін алғаш рет көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кеше 40 жастағы «Қайда?» әнімен танылған Ерке Есмахан Instagram парақшасында бірқатар отбасылық суреттерін жариялап, сонымен бірге жұбайының жаңа әні мен бейнебаяны жарық көргенін айтты.
«Алдарыңызда Райымбектің отбасы. Күйеуімнің жаңа бейнебаянын қарап, әнін тыңдаған боларсыздар. Ұлдарымыздың жарық жүздерін көріп, бізге тілек жазып, жанұямызға жылы сөздерін жаудырып жатқан сіздерге шексіз алғыс айтамыз. Барлығы үшін Аллаға сансыз шүкір! Баршаңызға тек жақсылық тілейміз! Бақытты, бай, қуатты болыңыздар!», – деп жазды Ерке.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!