Видеодан кадр: Instagram/nurlan_alimzhanov_official

Отандық танымал әнші Әйгерім Қалаубаева ел арасында жеке өміріне қатысты тарап кеткен қаңқу сөздерге жауап беріп, Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қымбатты менің парақшамдағы алтын жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз!» – деп жазды Әйгерім Қалаубаева.

«Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстыратын – ӨНЕР! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты! О, жаратқан ием! Елім, ата-анам, ер азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын! Әмин!» – дейді танымал әнші.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!