Фото: Instagram/erke_esmahan
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан өзіне көп қойылатын сұраққа жауап беріп, бет күтіміне байланысты қыз-келіншектерге кеңес айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әнші Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сұрақ-жауап өткізген. Осы кезде Еркенің оқырмандарының бірі одан бет күтіміне байланысты кеңес сұраған.\
«Осы сұрақ көп қойылады. Қыздарға кеңесім: интернетте мақтап көрсеткен нәрсені бетіңізге жаға бермеңіздер. Бірінші косметологқа барыңыздар, кеңес беру қымбат емес. Бет теріңіздің типін, қандай проблема бар екенін біліп алыңыздар. Сосын өз теріңізге керек күтімді аласыз. Өйткені үйдегі күтім ең маңызды нәрсе. Әрине коллаген ішуді де ұмытпаңыздар. Мен пайдаланатын крем, маскаларым сіздің теріңізге жақпай, керісінше әсер беруі мүмкін. Сондықтан бұл жерде бәрі жеке қарастырылады. Келбетіңіз әдемі болсын десеңіз, ішіңіз таза болсын. Жақсы ой мен жақсы сөз айту да күтімге жатады дер едім», – деп жазды Ерке Есмахан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!