Сырым Исабаев досы Қайрат Нұртаспен арада не болғанын айтып берді. Ол бұл туралы Jibek joly телеарнасының «Бүгін.Live» бағдарламасында еске алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
– Етене жақын араласамыз деп айта алмаймын. Бірақ арамыз жаман емес. Соңғы уақытта осы тақырыпта бірнеше сұхбат бердім. Кейде жауап бергенде: сөзім ол кісілерге қалай әсер етіп жатыр екен деп іштей ойланамын. Жалпы, барынша әріптестерімнің жақсылығын асырып, кемшілігін жасыруға тырысамын. Біреу туралы қате пікір айтып қойсам, ренжіп қалар ма деп те ойлайсың», – деді Сырым Исабаев.
Әншінің айтуынша, олардың дуэтінің таралуы бұрынғы әндерді орындаудан аспаған, әрі таусылғанынан тарасқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!