Әнші Ерлан Орынбасаров ерлі-зайыпты адамдар отбасылық қарым-қатынас ерлі-зайыпты адамдар әрдайым сырласуы керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ерлі-зайыпты әншілер Qazaqstan арнасындағы 1001 түн студиясына келіп, отбасылық қарым-қатынасты қалай құратынын айтып берген.
“Сіздер ұрсысасыздар ма?” деген сұрақтар қойылады. Сол кезде әрдайым айтарымыз – қызғаныштан болған шығар деп айтамыз. Екеуміз отбасы құрғаннан кейін мен бірден телефонымның, инстаграмның паролінің бәрін беріп қойдым. Бір жерде үлгере алмай қаласың, компьютердің алдында үлгере алмай жатып, “анау кісіге осындай материалды жібере салшы, паролі осындай” деп айтасың. Бәрі ашық, еркін. Жұбайлар көп сырласу керек шығар. Кез келген адам өзінің жарынан артық психолог таппайтын шығар деп ойлаймын. Өзінің жары – нөмір бірінші психолог. Жұбын дұрыс тапса солай болады, – дейді Ерлан Орынбасаров.
Оның жары Баян Нұрмышева “өмірдегі ең қымбат нәрсе тегін беріледі екен, мысалы бақыт дегенді сен сатып ала алмайсың” дейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!