Таяуда елден ұзақ уақытта кетемін деп мәлімдеген әнші Балжан Бидаш қай жаққа көшкенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сонымен қатар өнер иесі саяхаттап жүр.
“Тропикалық елдерде тұратын адамдар жиі күлімдейді деген рас па?! Олай болса осында тұрып, жиі күлуді үйренгім келеді. Саяхаттың адам өміріне тигізетін пайдасы көп. Жүйкеңді тыныштандырып, жаның мен тәніңді демалдырады. Алға қарай жақсы өмір сүруге, мақсат жазып, оған жетуге итермелейді. Ел мен жер көріп, басқа елдің мәдениетін танысуға септігін тигізеді. Қорқынышты жеңуге де пайдасы мол”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ эстрада өкілі Қытайға қандай мақсатпен келгенін де жасырмады.
“Достар, Қытайға келген себебім – студияларын аралап, ән жазу. Қазақстаннан өзім жалғыз келдім, осы жақтан аудармашы таптым. Енді ән жазуға кірісемін. Бұйырса, жаңа ән көп шығады. Шығармашылығымды қолға аламын”, – деп ағынан жарылды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің жағымды жаңалығына қуанып жатыр. Алайда жеке өмірін де айналып өтпеді. “Өтірік күліп, кімді алдағысы келеді”, “Жүрегің Жахан деп соғып тұр”, “Беті ғана күліп тұр, жүрегі жылап тұр”, “Бұлт арасынан шыққан күн сияқтысың, сенің орның – сахна”, “Кім боларыңды білмей жүрген адамсың”, “Жаханға бір мүмкіндік беріп көрсеңші” деген пікірде жұрт.
Еске салайық, өнер иесінің жеке өміріне қатысты ақыл айтқан оқырманын орнына қойғанын жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!