Әнші Тамара Асарға «Хиуаз Доспанова» атындағы медальді табыстаған болатын. Алайда атақ аламын деп сынның астына қалған әнші жағдайды түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Өнер иесі қуанышты жаңалығын жеке парақшасында бөліскен еді. 

«Ештеңе оқыған жоқпын және ештеңе айта алмаймын. Әркім әр түрлі пікір айта береді ғой. Маған берді ме, беруі керек болған шығар. Ешкімге ешқандай уәж айтпаймын. Халық өзі береді, халық өзі алады. Бұл – халықтың ішінен шыққан марапат. Ал мен халыққа қарсы ештеңе айта алмаймын. Не айтса да, дұрыс. Бұл – мемлекеттік награда емес. Кімнің шамына тиіп жатқанын түсінбеймін?! Басын иіп, кеудеме төсбелгіні түйреген қарттың өзі сексеннен асқан адам екен. Сондықтан әкемдей адамға «Кешіріңіздер, мен бұған лайық емеспін» деп бетін қайтара алмаймын ғой», – деп жауап берді әнші. 

Еске салайық, әншінің марапатын көрген желі қолданушылар пікірі екіге жарылғанын жазған болатынбыз. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!