Фото: aikyn.kz
Белгілі қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың әлеуметтік желіде айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы SmartNews.kz хабарлайды.
TikTok-тағы тікелей эфирде спортшы бойжеткенмен сөзге келіп қалған, деп жазады Aikyn.kz. Бойжеткен файтерге ешқандай жағдайда әйелдерді ұруға болмайтынын айтады. Хамитов оған жауап ретінде әйел «тыныштық орны» болуы керек деп мәлімдеді.
«Әйел – тыныштандыратын орын. Әйел мейірімді болып, дәмді тамақ әзірлеп, жақсы киінгені жөн. Патшаны күткендей күйеуіңді күтсең, ешкім ешқашан қол көтермейді», – деді ол.
Сондай-ақ Хамитовтың айтуынша, әйелдер күйеулеріне қызмет етіп, еркектерді құдай деп санауы керек.
«Мен қызыма: «Егер сізге Алладан басқа біреуге бас июге рұқсат етілсе, ол күйеуің болуы керек! дер едім». Егер сіз жұмаққа кіргіңіз келсе, күйеуіңізге қызмет етуіңіз керек, егер сіздің күйеуіңіз сізге риза болмаса, бұл сізге сын. Күйеу – сенің екінші Құдайың, оны қолда және сүй», – деп қосты файтер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!