Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші, композитор, хит әндердің авторы әрі орындаушысы Мархаба Сәби кейінгі кезде хит болған әні туралы сөз қозғады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы «1001 түн» бағдарламасында айтып берді. 

«Ер адам, әйел адам деп көп бөле бермей, бір-бірін бағалап, еркелетіп жүрсінші деген ниетпен «Қыз-бозбала» әнін шығардым. 30-да болсын, 40-та болсын, адамның көңілі бозбаланыкіндей болып қалады дегенді жеткізгім келді», – деді әнші. 

Мархаба Сәби YouTube желісінде бір айда 3,2 миллион рет қаралған туындысы арқылы отбасы құндылығын да насихаттағысы келіпті.

«Үйде бір-бірімізге ауыр сөздерді көбірек айтатын сияқтымыз. «Сен кінәлісің», «Сенің кесірің» деп емес, «Арыстаным», «Аққуым» деп жиі айтайықшы деген нәрсені үндегім келді», – деді ол. 

Кейінгі кезде хитке айналып, әлеуметтік желілерде де танылған «Демалам» әні осы «Қыз-бозбала» әнінің жалғасы екен. 

«Демалам» әні алдыңғы әнімнің жалғасы іспеттес. Ерлі-зайыптылар бір-біріне демалыс, еркіндік беріп тұруы керек екенін еске салғым келді», – деді ол. 

Еске салайық, әнші сұхбатында күйеуі екеуі бір-бірінен жалығып кеткенде қызын алып басқа жаққа кетіп қалатындары туралы айтқан болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!