Фото: stan.kz
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер өкілдері мектепке дайындауға қанша шығын кеткенін айтып берді.
Отбасылық дуэт Әділ мен Дана да – көпбалалы жанұя. Өнер иесінің айтуынша, бес баласының үшеуі мектепке барады. Былтырғы мектеп формасын биыл балалардың кигісі жоқ екенін жасырмады.
“Балалардың мектепке қажет дүниелерін толық алдық деп айта алмаймын. Бірсыпыра киетін киімдерін алдық. Қалған заттарды да қыркүйек айы басталғанша алуды жоспарлап отырмыз. Бір баланы киіндіруге 100 мың теңгедей кетеді. Үстіне киетін формаларынан бастап, аяқкиіміне дейін жыл сайын аламыз. Былтырғы шығын мен биылғыны салыстыруға келмейді. Жылдан жылға қымбаттап жатыр. Бір-бірінікін де ауыстырып кие алмайды. Өйткені өлшемдері келмейді. Екі қыз, бір ұлымыз – мектеп оқушылары. Екі қыз кейбір киімдерін алмастырып киюі мүмкін. Бірақ мектепке баратын кезде бастан-аяқ киінетіні рас. Базардағы баға қатты қымбат емес. Сауда орталықтарына барсақ, бағаның көтерілгенін көреміз. Бір баланың аяқкиімін 40-50 мыңға аламыз. Ал көпбалалы қарапайым отбасында 3-4 бала мектепке барса, ата-ананың қалтасына кәдімгідей салмақ. Өзіміз балалардың қалаған дүниесін алып беруге тырысамыз”, – дейді әнші.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!