Фото: https://www.instagram.com/kairat_myrzahanov/

“Меломен” тобының әншісі Қайрат Мырзаханов бесінші рет балалы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жеке парақшасында жақсы жаңалықты бөлісті. 

“Сүйінші. Ресми түрде бес баланың ата-анасы болдық. Аллаға сансыз шүкір», –деп жазды әнші. 

Одан кейін әйелі де жазба жариялап, халыққа алғыс айтты. 

“Күйеуіме тосынсый жасадым. 9 ай бойы ұл деп айтып келдім. Кешірші, жаным. кіндік әке-шешесі Талғат Жорабаев пен оның әйелі”, – деп жазды әншінің жары.

Айта кетейік, өнер иесі “әйелін ұрып-соқты” деп басы дауға қалған әріптесі Ғабит Бибасыұлын қолдаған еді. 

“Өзім ешқашан әйеліме қол көтермегенмін. Себебі ол кісінің өзі де ондай жағдайға апармаған. Сол үшін ақылды әйел қол көтеруге дейін мәжбүрлемейді. Ақылсыз әйел ғана өзіне қол көтерткізеді. Мен осыны барлық ер-азаматтың атынан айтамын”, – деген еді әнші. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!